Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен самбодан әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды.
Жүлде саны бойынша Қазақстан командалық есепте 4 орынды иеленді. Алтын жүлдені 4 келіге дейінгі салмақта Гүлдана Әлмұханбетова мен ерлер арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рахат Жаниет жеңіп алды.
Мади Райхан (98 келіге дейін салмақта), Ажар Саликова (65 келі салмақта) және Дилдаш Күрішбаева (72 келіге дейінгі салмақта) күміс медаль иеленді.
58 келіге дейінгі салмақта Болатбек Райымқұлов пен Нұркен Домбаев, 79 келіге дейінгі салмақта Айдын Дартаев, 64 келіге дейінгі салмақта Әділбек Сейісов және 88 келіге дейінгі салмақта Умар Янковский қола медаль жеңді.
Әлем чемпионатына 51 ел қатысқан. Спортшылар үш санат бойынша сайысқа түсіп, үздіктерді анықтады.