ҚФФ мемлекеттік қаржыландырудан бас тартты
Қазақстандық футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин ұйым енді мемлекеттен ақша алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі <span>Қ</span>ФФ сайтына сілтеме жасап.
«Қоғамдық сынға келер болсақ, мен ашық айтамын: былтыр және өткен жылдары Қазақстан футбол федерациясына мемлекеттік бюджеттен 200 миллион теңге бөлініп, ол түрлі ұлттық құрамаларды халықаралық жарыстарға дайындауға және оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға жұмсалған – жастар (U17, U19), U21 жасөспірімдер, Blind-Football (соқырлар футболы), әйелдер, ұлттық, жағажай және футзал командаларына. Миллиардтар туралы кім айтты?
Келесі жылдан бастап Қазақстан Футбол Федерациясы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар тарапынан қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА қаражаты есебінен, сондай-ақ демеушілік ақшадан қаржыландырылады», - деді Айтхожин.