Голландия құрамасының бапкері велосипедтен жығылып, жарақат алып қалды

Голландия құрамасының бапкері велосипедтен жығылып, жарақат алып қалды

Футболдан Голландия құрамасының бас бапкері Луи ван Галь жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 70 жастағы маман велосипедтен жығылып, жамбасын ауыртып алған.

Тағы бір дереккөз оның жексенбі күнгі жаттығудан кейін тайып жығылып, жамбасын жарақаттағанын айтады. Жаттықтырушы кешті ауруханада өткізген. Оған операция жасалмайды, жарақат өздігінен жазылады.

Голландия құрамасы 16 қарашада Норвегия құрамасымен кездеседі. Бұл әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің шешуші матчы. Катарға жолдама алу үшін Ван Гальдің командасы жеңілмеуі керек. 

Бапкер бұл ойында мүгедектер арбасында дұрыс жұмыс істеуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или