Бірінші лиганың үздік ойыншысы анықталды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы маусым қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік ойыншысын анықтады, деп жазады Prosports.kz.
Үздік ойыншы командалардың бас бапкері, капитандары және басшылары арасындағы сауалнама арқылы анықталады.
Жылдың үздік ойыншысы атағы «Ақсу» командасының жас шабуылшысы Мирас Тұрлыбекке бұйырды. 20 жастағы ойыншы 21 матчқа қатысып, 21 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін Мирас Екінші лигада «Ертіс» жастар командасының құрамында өнер көрсеткен. Биыл ол Бірінші лигада дебют жасап, бірден өзін жақсы жағынан көрсете білді. Оның нәтижелі ойыны Қазақстан жастар құрамасының бапкерлер штабының назарынан тыс қалмады. Мирас 2023 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде Шотландияға қарсы сырт алаңда өзінің алғашқы ойынын өткізді.
Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынды «Оқжетпес» ойыншысы Жасұлан Молдақараев, үшінші орынды оның командаласы Санат Жұмақанов иеленді.
Санат Жұмаханов Бірінші лига аясында 18 ойында 10 гол соғып, 7 нәтижелі пас жасады. Ал оның әріптесі Молдақараев 19 матчта өзінің жеке статистикасына 19 гол мен 5 ассист жазды.
Бірінші лига аяқталды. Қорытынды нәтижелер


