Футболдан әлем чемпионатына қатысатын тоғыз команда белгілі болды

Футболдан әлем чемпионатына қатысатын тоғыз команда белгілі болды

14 қарашада футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтардан кейін 2022 жылы Катарға баратын тағы үш құрама белгілі болды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Хорватия құрамасын Ресейді 1:0 есебімен жеңіп, топта бірінші орын алды. Сербия сырт алаңда Португалиядан жеңісті жұлып әкетті де, топта көш бастады. Испания да Швецияны 1:0 есебімен жеңіп, топта бірінші орынға ие болды. 

2022 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне шыққан тоғыз команда белгілі. Турнир қожайыны ретінде Катар жолдама алған. Оңтүстік Америка іріктеуінде Бразилия әлем чемпионатына шығып қойды. Ал еуропалық іріктеуде Германия, Дания, Франция, Бельгия, Хорватия, Сербия мен Испания өз тобында бірінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или