«Барселона» мен «Реалдың» кезекті жеңістері

Испания чемпионатының көш басында келе жатқан «Барселона» да, «Реал Мадрид» те 29-шы турда жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Корольдік клуб» өз алаңында «Гранаданың» күл-талқанын шығарды. Қорытынды есеп – 9:1. «Реал» сапынан Криштину Роналду пента-трик (5 гол) авторы атанса, Кәрім Бензема дубль жасады. Тағы бір гол Гарет Бэйлдің еншісінде. Сондай-ақ, «Гранада» қорғаушысы Диего Майнс автогол салып алды. Қонақтар сапынан Роберт Ибаньес көзге түскен.

67 ұпай жинаған «Реал» турнир кестесінің екінші сатысында келе жатыр.

Ал «Барселона» «Селта» клубына қонақтап барып, кезекті үш ұпайын қоржынына салып қайтты. 73-ші минутта Жереми Матьенің соққан голы «Барселонаға» жеңіс сыйлады. Енді каталониялықтардың еншісінде 71 ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или