Франция - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Франция - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні Парижде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Франция құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы алғашқы ойын ағымдағы жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын. Сол матчта француздар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Алты ойыннан кейін 12 ұпаймен Франция құрамасы D тобында бірінші орында, ал Қазақстан соңғы, бесінші орында. Жеті матчтан кейін біздің команданың қоржынында 3 ұпай ғана бар.

Франция - Қазақстан матчының тікелей трансляциясын QazSport телеарнасынан көруге болады. Нұр-Сұлтан уақытымен 01:45-те басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или