Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық спортшы Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.
Мекенбаева рейтингте бірінші орында болғандықтан алғашқы жекпе-жекке қатыспаған. Екінші кездесуде корейлік қарсыласын ауырту әдісімен жеңген. Үшінші кездесуде бұрын есесін жіберіп алған филиппиндік спортшыдан басым түсті. Соңғы жекпе-жекте Вьетнам спортшысымен кездесу өткізді.
Мөлдір Мекенбаева 2016 және 2019 жылдары әлем чемпионы атанған. 2019 жылы өткен Азия ойындарында күміс медаль жеңген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или