Стивен Джеррард АПЛ клубын жаттықтырады

Стивен Джеррард АПЛ клубын жаттықтырады

Стивен Джеррард «Астон Вилла» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы англиялық клуб ресми хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ағылшын маманы клубпен 2024 жылдың маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Бұған дейін «Астон Вилла» Джеррардтың трансфері үшін «Рейнджерске» 3 миллион фунт төлейтіні хабарланған еді.

Айта кетейік, Джеррард 2018 жылдың маусымынан бері «Рейнджерсті» жаттықтырды. 41 жастағы маман 2021 жылы Шотландия чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или