«Реал» Фалькао үшін 43,5 млн еуроға шығындалмақ

«Реал Мадрид» колумбиялық шабуылшы Радамель Фалькаоға қызығушылық танытып жатыр, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Daily Express басылымының мәлімдеуінше, 29 жастағы форвардты сатып алуға «корольдік клубтың» бас бапкері Карло Анчелоттидің өзі ниет етуде. «Реал» бұл трансфер үшін «Монакоға» 43,5 млн еуро беруге дайын.

«Манчестер Юнайтедке» жалға берілген Фалькао осы маусымда АПЛ-де 20 матч өткізіп, төрт рет гол соққан және төрт рет нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или