«2021 жылғы маусымның үздік қорғаушысы» атағына үміткерлер белгілі болды
Қазақстан құрамасының үш қорғаушысы осы маусымдағы өз позициясының үздіктері номинациясына ұсынылды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«2021 жылдың үздік қорғаушысы» атағынан Әлібек Қасым («Қызыл-Жар» СК), Сергей Малый («Тобыл») және Нұралы Әліп («Қайрат») үміткер.
Биылғы жылы Әлібек Қасым ҚПЛ-да 7 гол соғып, Қазақстан құрамасының сапында да алғашқы ойынын өткізді.
Сергей Малий «Тобылдың» ел чемпионы атануына өз үлесін қосты, сонымен қатар Қазақстан құрамасы сапында алаңға тұрақты түрде шықты.
Нұралы Әліп «Қайрат» сапында еурокубокта ойнап жүр. Ұлттық құрама сапында да бірнеше матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или