Погба жарақатына байланысты 8-10 апта алаңға шықпайды

Погба жарақатына байланысты 8-10 апта алаңға шықпайды

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаның жарақатының ауырлығы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы жартылай қорғаушы Франция құрамасының сапында жаттығу кезінде жамбас сүйегінен жарақат алып, командадан кетті. Погба тереңірек тексеру үшін Манчестерге оралады. Алдын ала сараптама ойыншының 8-10 апта алаңға шыға алмайтынын көрсетті.

Осылайша, Погба енді осы жылы алаңға шықпауы мүмкін. Погба осы маусымда Премьер-Лиганың 9 ойынында 7 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или