Поль Погба Қазақстан құрамасына қарсы ойнамайды

Поль Погба Қазақстан құрамасына қарсы ойнамайды

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погба қараша айындағы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы Франция құрамасы сапындағы жаттығу сәтінде жарақат алып қалды. Ойыншының қашан қатарға қосылатыны жақын арада белгілі болады.

Енді «Манчестер Юнайтед» ойыншысының орнына Франция құрамасына «Рома» футболшысы Джордан Верета шақыртылады.

Айта кетейік, Франция 13 қарашада Қазақстанмен, 16 қарашада Финляндиямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или