Қазақстандық футболшыға мәскеулік «Спартак» қызығып отыр
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақтөбе» мен Қазақстан жастар құрамасының (U21) 19 жастағы шабуылшысы Максим Самородов мәскеулік «Спартак» қызығып отырған футболшылардың кеңейтілген тізіміне енді.
Мәскеулік «Спартактың» скауттары «Ақтөбенің» жас түлегінің ойынын бақылап жүр. Расталмаған ақпарат бойынша, бұған дейін «Спартак» өкілдері ақтөбелік клубпен хабарласып үлгерген. Тараптардың нақты нені талқылағаны белгісіз, бірақ ресейлік клуб футболшының ойынын бақылауды жалғастыруда.
Өткен маусымда Самородов «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында 21 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Шабуылшы Қазақстан U21 жасөспірімдер құрамасына үнемі шақырылады. Өткен жылдың наурыз айында Максим Қазақстан құрамасының сапындағы алғашқы матчын өткізді. Ол Францияға қарсы ойынның соңында қосалқы құрамнан шықты.
Желтоқсан айында Самородовтың «Ақтөбемен» келісімшарты аяқталады. «Ақтөбе» сапында қала ма, әлде РПЛ-ға ауыса ма, ол жаңа жылға дейін белгілі болады.