Ел кубогы: «Қайрат» Нұр-Сұлтанда «Астананы» ойсырата жеңді

Ел кубогы: «Қайрат» Нұр-Сұлтанда «Астананы» ойсырата жеңді

Нұр-Сұлтанда футболдан Қазақстан кубогының бірінші жартылай финалдық ойыны «Астана» мен «Қайрат» командалары арасында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтағы есеп алғашқы таймның соңында ашылды. Дугалич үзіліс алдында командасын есепте алға шығарды. Екінші таймда Канте есепті еселей түссе, Шушеначев үшінші голды соқты.

Осылайша, ел кубогының алғашқы жартылай финалдық матчында «Қайрат» 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қарымта матч Алматыда өтеді.

Қазақстан Кубогы. ½ финал. Алғашқы матч.

«Астана» (Нұр-Сұлтан) – «Қайрат» (Алматы) – 0:3 (0:1)

Голдар: Дугалич 45+7 (0:1), Канте 67 (0:2), Шушеначев 72 (0:3)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или