Шевченко италиялық команданың тізгінін ұстауы мүмкін
Украина құрамасының бұрынғы бапкері Андрей Шевченко Италия чемпионатындағы «Дженоа» клубының бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жақын арада «Дженоа» мен Шевченко ортақ келісімге келеді, содан кейін олардың ынтымақтастығы ресми түрде жарияланады.
Екі жақ екі жылдық келісімшартқа отырады.
Айта кетейік, Шевченко Еуро-2020-дан кейін Украина құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или