«Астананы» Қазақстан кубогының жартылай финалына кім дайындайтыны белгілі болды

«Астананы» Қазақстан кубогының жартылай финалына кім дайындайтыны белгілі болды

Екіжақты келісім бойынша Андрей Тихонов «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана» сапында алаңға шыққан Андрей мырза араға 11 жыл салып, 2020 жылдың қазан айында клубтың бас бапкері қызметіне кіріскен болатын. Оның бапкерлігі арқасында клуб ел чемпионатында 2020 жылы қола алса, биыл күміс жүлдені иеленді.

«Астана» футбол клубы Андрей Валерьевичке ерен еңбегі мен клуб игілігі жолында атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреді. Мансабыңыз жоғарылап, абыройыңыз асқақтап, беделіңіздің биіктей беруіне тілектеспіз!

Владимир Ежуров бас бапкердің міндетін атқарушы боп тағайындалды. Ол осы қызметте «Астаналықтарды» Қазақстан Olimpbet-Кубогы жартылай финал кездесулеріне дайындайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или