Александр Бубнов: «Қазақстан сәл жақсырақ өнер көрсетті»

Ресейлік маман Қазақстанмен болған жолдастық кездесу жайында өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Sport-express.ru сайтына берген сұхбатында Бубнов былай дейді: «Мен Ресей құрамасының бұл ойында қалайша жеңіліске ұшырамағанын әлі де түсінбеймін. Біздің командадан ештеңені байқамадым. Олар не көрсетіп, не дәлелдегісі келді? Көп ойыншылар бірінші минуттан алаңға шыққанымен, түк істей алмады. Неліктен екенін білмеймін, олардың өздерінен сұрау керек. Матчқа көңілдері толмаған ойыншыларымыздың да болғанына шүкір. Мәселен, Александр Самедов пен Денис Давыдов команданың, сонымен қатар өздерінің де нашар ойнағандарын мойындап, көңілдері толмады. Қазақстандықтарға шеберлік жетіспеді, әйтпегенде үш-төрт қауіпті сәттердің, кем дегенде екеуін голға айналдырар еді. Олар бос қақпаға көздей алмады, Лодыгин гол соғатын мүмкіндік жасап берді, одан да пайда болмады. Біздің ойыншылардың құнының қымбаттығынан жасқанғандығы білініп тұрды. Ал ойын барысында Қазақстан сәл жақсырақ өнер көрсетті».

Естеріңізге сала кетейік, матч 31-ші наурыз күні Мәскеу қаласындағы «Арена Химки» стадионында өтіп, тең нәтиже тіркелген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или