ҚПЛ: Соңғы тур ойындарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: Соңғы тур ойындарының тікелей трансляциясы

Бүгін, 30 қазанда Қазақстан чемпионатының 26-туры аясында 7 матч өтеді, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.

Соңғы турдың кездесулері Алматы, Атырау, Тараз, Қостанай, Түркістан, Ақтау және Қызылордада өтеді.

Чемпионат бүгін аяқталады. Чемпиондыққа талас «Астана» мен «Тобыл» арасында өтіп жатыр. Қос команданың арасын екі ұпай бөліп тұр. Чемпиондық тартыс соңғы турға дейін жалғасып отыр.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-де 4 матч басталады. Олар: «Шахтер» - «Атырау», «Тараз» - «Қайсар», «Жетісу» - «Қайрат» және «Қызыл-Жар» - «Ордабасы».

Ал қалған 3 матч 16:00-де басталады. Атап айтқанда, «Ақжайық» - «Тобыл», «Ақтөбе» - «Каспий» және<span> </span>«Астана» - «Тұран» матчы.

Барлық кездесу QazSport телеарнасының сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или