«Астана» чемпион болу үшін «Ақжайыққа» сыйақы төлеуге дайын

«Астана» чемпион болу үшін «Ақжайыққа» сыйақы төлеуге дайын

«Астана» футбол клубы ел чемпионатының соңғы турында «Тобылмен» кездесетін «Ақжайықты» қаржылай ынталандыруды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Оралдық клубқа «Тобылды» жеңгені үшін 200 мың доллар, тең түскені үшін 100 мың доллар уәде етіліп отыр.

Айта кетейік, Премьер лиганың соңғы турында «Астана» түркістандық «Тұранмен» кездеседі. Ал «Тобыл» сырт алаңда «Ақжайықпен» кездеседі.

Қазір қостанайлық клубтың «Астанадан» бір ұпайы көп. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или