Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалында VAR жүйесі қолданылады

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалында VAR жүйесі қолданылады

Қазақстанның футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан кубогы ойындарында VAR жүйесін пайдалануға FIFA ресми рұқсатын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта бірқатар отандық футбол төрешісі оқудың барлық кезеңінен өтіп, ресми ойындарда VAR (video assistant referee) және AVAR (assistant VAR) ретінде жұмыс істеу үшін FIFA қажетті лицензияларды алды.

Келесі маусымда Суперкубок, чемпионат және кубок ойындарында қызмет көрсетуге жоспарланған барлық төреші үшін оқыту және лицензиялау процесі жалғасып жатыр.

Осы маусымдағы кубоктың жартылай финалдық және финалдық ойындары FIFA және IFAB бекіткен VAR хаттамасына сәйкес өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или