Самат Смақов: «Жанкүйерлерді аз да болса, қуанта алдық»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов Ресейге қарсы жолдастық кездесу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Кездесу екі түрлі әсер қалдырды, жеңетін мүмкіндік болды, жеңіліп қалуымыз да ықтимал еді. Шабуылды түйіндеу жетіспеді. Сырт алаңда тең түсу – жақсы нәтиже, дегенмен Ресейдің негізгі құрамы алаңға шықпағанын ескерген жөн. Дегенмен ойын қызықты өтті. Исландияға қарсы ойында алаңға шыққан футболшылар бүгін 100% жанын салып ойнады. Сол ойыннан кейін үш-ақ күн өтті. Жанкүйерлерді аз да болса, қуанта алдық. Исландиямен өткен матчтан соң жанкүйерлер реніш білдірді, оларға аз да болса, сенімді қайтарғанымызға қуаныштымын», - деді Смақов.</p>
<p style="text-align: justify;">
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или