Жеңіске жетуге өте жақын болдық - Ұлан Қонысбаев

Футболдан Қазақстан құрамасы сапындағы ең жылдам ойыншы Ұлан Қонысбаев «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

- Самат Смақов Ресей құрамасын Еуропадағы үздік командалардың қатарына қосты. Сенің пікірің қандай бұл жайында?

- Мен де келісемін. Рейтингіде олар өте жоғары тұр. Ресей сапында мықты ойыншылар көп.

- Екінші таймында Капелло бапкер толықтай жас ойыншыларды шығарды. Қазақстанның негізі құрамы мен Ресейдің екінші дәрежелі футболшылар бір деңгейде деп санауға болады ма?

- Олай деп айтуға келмес. Себебі, Ресейдің негізгі ойыншылары да бірінші таймда бізге гол соға алмады. Екінші құрамы шыққанда басымдық бізде болды, тек қана сәттілік жетіспеді аздап. Әйтпегенде, жеңіске жетуге өте жақын болдық.

- Не себепті Исландияға қарсы матчта бас бапкер сені кеш шығарды алаңға?

- Бірінші минуттан шықпақшы болғанмын. Дәл сол ойынның алдында тұмауратып қалдым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или