Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан қыздар құрамасы төрт ойын қатарынан жеңілді
Қазақстан қыздар құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Франциямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана Арена» стадионында өткен ойында Франция футболшылары 0:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Калоян Петков шәкірттері кезекті іріктеу кезеңінде төрт ойын қатарынан жеңілді.
Бұрымды футбошыларымыз алдымен сырт алаңда Уэльстен 6:0 есебімен ойсырай ұтылды. Екінші және үшінші ойында Грекияға қонақта 3:2 есебімен, ал өз алаңымызда 0:1 есебімен есе жіберді.
Қазақстан құрамасы алғашқы төрт кездесудің бәрінде жеңіліп, I тобында бесінші орында тұр. Қарсыластар қақпасына 2 гол соғып, өз қақпасына 15 гол өткізіп алды.
Біздің құраманың келесі матчы 26 қараша күні сырт алаңда өтеді. Қарсыласы тағы да Франция құрамасы.
Қазақстан W – Франция W – 0:5
Гол соққандар: Мари-Антуанетт Катото 9, 23, Кенза Дали 17, Мельвен Маляр 38, 54
Қазақстан W: Ирина Саратовцева (В) – Анастасия Власова, Кундыз Кожахмет, Бибигуль Нурышева, Александра Бурова, Айша Садыкова – Мадина Жанатаева, Асельхан Турлыбекова, Карина Жумабайкызы – Асель Кубесова (Ксения Хайрулина 28 (Фатима Сатыгалиева 90+2)), Светлана Бортникова;