«Шегінерге жер жоқ, артымызда Москва!»

«Шегінерге жер жоқ, артымызда Москва!»

Футболдан Ресей мен Қазақстан арасындағы жолдастық матч Мәскеу іргесіндегі «Арена Химки» стадионында өтті.

Алаң иелерінің бас бапкері Фабио Капелло мықты ойыншыларын алғашқы минуттардан шығарды. «Русские вперед!» деп ұрандаған Ресей жанкүйерлері Резанцев, Березуцкий, Самедов пен Дзюбаларды алға жетеледі. Қазақ-фандар да қалыспай ерекше ықыласпен қолдау көрсетті жігіттерге.

Ойынның алтыншы минутында бұрыштамадан кейін Дмитрий Шомко Юрий Лодигиннің қақпасына алғашқы соққыны жасады. Он бірінші минутта Красножанның шәкірттері тағы бір әдемі шабуыл ұйымдастырған, алайда жағдай соққыға жеткпеді. Орыстар ақылға қонымды комбинация жасамақ боп ұзақ доп ұстады. Ал қазақтардың он төртінші минуттағы әрекеті қатты састырды Капелло құрамасын. Бауыржан Исламхан әріптесімен пас алмасып Жолшиевке доп ұсынды. Бірақ, соңғысы соққы жасаудан тартынып қалды.

Іске білек сыбана кіріскен ресейліктердің бірінші кезеңнің орта тұсында есепті ашатын мүмкіндігі болды. Тамаша орындалған айып добын Стас Покатилов қақпа сызығынан алып шықты. Қарымта шабуылда Жолшиев соққы жасап, доп қақпа бағанасынан санаулы сантиметрлерде өтті.

39-ші минут - 0:0. Қазақтардың көзінен жеңіске деген құштарлық байқалады, қорқыныш жоқ. Алаңның әрбір текшеметрінде доп үшін соғыс. Нағыз тартыс. 43-ші минутта Жолшиевті Шаңғылышбай алмастырды. Сонымен бірінші тайм да мәресіне жеткен.

Екінші кезеңнің басында қазақстандықтарға тамаша мүмкіндік берілді есеп ашуға. Ресейдің айып алаңы маңында Исламханға қарсы ереже бұзылып, стандартты Смақов орындаған. Алайда доп қорғаушылардан кейін серпілді. Орыстар белсенділікті арттырып қақпамызға төне бастады. 58-ші минутта Тоқатар Жаңғылышбай 200 пайыздық мүмкіндігін мүлт жіберді. Исламхан Ресей құрамсының айып алаңына сең бұзар екпінмен кіріп әріптесіне пас берген. Тыңнан кірген шабуылшы пайда таппады бұл сәтте.

75-ші минутта ресейліктердің жүрегі “зірк” етті. Георгий Жуков екі қорғаушыны алдап жойқын соқы жасаған. Бірақ, доп қақпадан сәл биік кеткен. Шабуылда көп пайдасын тиген Ұлан Қонысбаев өз орнын Жақып Қожамбердіге босаты 78-ші минутта. Капелло бұл кезеңге дейін жарты команданы алмастырған. «Ресейдің ертеңі» «мандытып» ойнай алмады бірақ. Сексенінші минуттан асқанда Жаңғылышбай да ауысып, жасыл алаңға Шеткин шықты.  Қалған уақытта қос ұжымның қақпаларына аса қауіп төнбеді. Дегенмен, Қазақстан құрамасы басымырақ көрінген. Негізгі уақытқа қосылған үш минут таусылып, тоблода 0:0 есебі тіркелді. «Ақсап» жүрген Ресмеймен тең түсті қазақ құрамасы. Красножан үшін жаман нәтиже емес! Қазақ жанкүйері де абыроймен қайтты Химкиден!

Ресей — Қазақстан 0:0

Ресей: Лодыгин, Щенников (Набиуллин 72), Новосельцев, Березуцкий (Зобнин 22), Козлов, Канунников (Ефремов 81), Камболов, Торбинский (Давыдов 63), Рязанцев (Оздоев 46), Самедов, Дзюба (Портнягин 46)

Қазақстан: Покатилов, Гурман, Малый, Шомко, Смақов, Энгель, Логвиненко, Жолшиев (Жанғылышбай 43, Щеткин 83), Исламхан, Жуков (Бейсебеков 65), Қонысбаев (Қожамберді 77)

Ескертулер: Джолчиев 17

Бас төреші: Алексей Кульбаков (Белорусь)

31.03.2015ж. Химки. «Арена-Химки»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или