Москаленко: Алда өте қиын ойын күтіп тұр

Москаленко: Алда өте қиын ойын күтіп тұр

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко қарағандылық «Шахтерге» қарсы матч (4:1) жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

– «Шахтермен» ойын алдында біз кейбір проблемаларға тап болдық: бірі ескерту қағаздарына байланысты алаңға шықпаса, енді бірі жарақат алып қалды. Сол үшін де ойыншылардың тактикасы мен алаңдағы шебін өзгерттік. Мұндай ойында біз команда ретінде барлық компоненттерде анағұрлым сапалы футбол көрсетуіміз тиіс, көп асығыстық танытып, жылдам гол соғуды қаладық, соның кесірінен өз ойынымыздан ажырап кеттік.

Жанкүйерлер мен фанаттар секторына аренадағы атмосфера үшін көп рақмет айтқым келеді. Командадағы жігіттерге және бізбен бірге болған барлық адамды жеңіспен құттықтаймын! Бүгінгі нәтиже – тарих, футболда ешкім тарихпен өмір сүрмейді, тек болашақ ойынмен өмір сүру керек. Алда бізді өте қиын матч күтіп тұр, - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или