Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде кіммен кездеседі

Қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі кезекті жекпе-жегі жайлы мәлімет берді, деп жазады Prosports.kz.
«Оның кезекті жекпе-жегі өтеді, ол ұсынысты қабылдады. Шавкат октагонға келер жылы ақпанда шығады, келісімшартқа қол қоюға дайынбыз. Бірақ екінші жақ келісімшартты растап, оған қол қойғаннан кейін ғана жекпе-жекті жариялаймыз. Қарсыластың кім екенін айта аламын ба? Ол да алғашқы екі кездесуін нокаутпен аяқтаған файтер», - деді Саят.
Айта кетейік, Шавкат кейінгі жекпе-жегінде бразилиялық файтер Мишель Прарезисті екінші раундта жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или