Қазақстан құрамасы Франциямен матчтан кейін Тәжікстанмен жолдастық ойын өткізеді
ФИФА жолдастық матчтар күнтізбесі бойынша Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болды. Қос федерация келіссөздер жүргізіп, екеуара матч ұйымдастыруға ымыраласты. Ойын 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19:00-ге белгіленген.
Тәжікстан құрамасы ФИФА рейтингінде 118 орында тұр.
Естеріңізге сала кетейік, осы ойынға дейін ұлттық құрамамыз 13 қараша күні Әлем чемпионатының іріктеу сыны аясында Франция командасына қарсы ресми матч ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или