Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті
<span>Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. </span>
<span>Алғашқы ойын күнінде жанкүйерлер В тобындағы «Атлетико Мадрид» (Испания) және «Ливерпуль» (Англия) кездесуіне көз тікті. Бұған дейін өткен екі турда ағылшындар ұпай жоғалтпай көш бастаса, испаниялық клуб бір жеңіс және бір тең ойынмен екінші орында тұр. Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Мохамед Салах 8-минутта есеп ашса, 13-минутта Наби Кейта есепті ұлғайта түсті. Бұдан кейін «Атлетико Мадрид» сапынан Антуан Гризманн - 20, 34-минуттарда қос голдың авторы атанып, таразы басы теңесті. Оған төреші дөрекі ойнағаны үшін 52-минутта бірден қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Қалған уақытта испаниялық команда осылайша бір ойыншыға кем құрамда ойнауға мәжбүр болды. Ойынның 78-минутында Мохамед Салах қарсыластар қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Кездесуде «Ливерпуль» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті.</span>