«Қайрат» «Астананы» жеңсе, 200 миллион теңгеге ие болуы мүмкін
Қазақстан Премьер лигасының 25-туры аясында өтетін «Астанаға» қарсы ойында «Қайрат» жеңіске жетсе, қомақты сыйақыға ие болуы мүмкін, деп хабарлайды «Гол емес!» телеграм-арнасы.

Дереккөздің мәлімдеуінше, чемпиондыққа басты үміткер клубтың бірі алматылықтар елордалықтарды жеңсе, 200 миллион теңге сыйақы беруге дайын екен.

Осыған дейін мұндай мәселе «Астана» — «Қайсар» матчының алдында да көтеріліп, қызылордалықтар астаналықтардан ұпай алған жағдайда, 50 миллион теңге қаражатқа байып қалуы мүмкін еді деген жаңалықтар тараған еді.

Ал «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойын 24 қазан күні Алматыда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или