Вагнер Лав «Карабахқа» қарсы ойынға қатыса алмайды

Вагнер Лав «Карабахқа» қарсы ойынға қатыса алмайды

Алматылық «Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав Конференция лигасы топтық кезеңінің аясындағы «Карабахқа» қарсы ойынға қатыса алмайды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

Вагнер Лав аталған кездесуден жарақатына байланысты тыс қалды. Форвард «Ақтөбеге» қарсы ойынға да осы себепті қатыса алмаған еді. Ал алматылықтар дәл сол Ақтөбеден Бакуге аттанып кетті.

«Карабах» пен «Қайрат» арасындағы алғашқы кездесу 21 қазан күні өтеді. Ойын елорада уақытымен 22:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или