2021 жылы ең көп гол соққан ойыншы кім
Испаниялық басылымдар 2021 жылы ең көп гол соққан футболшылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл тізімде <span>«Бавария» футбол клубының шабуылшысы</span> Роберт Левандовский көш бастады. Польшалық футболшы биыл ұлттық құрама мен клубта жалпы 52 гол соқтыү
Екінші орынға 43 гол соққан Эрлинг Холанд (<span>«Боруссия» Д) жайғасты. </span>
<span>Бір қызығы бітіспес қарсыластар Криштиану Роналду мен Лионель Месси иық тіресіп тұр. Екеуі де 38 гол соғып, рейтингте үшінші сатыға ие болды. </span>
<span>Олардан кейін Килиан Мбаппе (</span>36), Карим Бензема (34), Гарри Кейн (33), Мемфис Депай (32) және Ромелу Лукаку (30) жайғасқан.

Сонымен қатар гол+пас жүйесі бойынша үздіктер де белгілі болды. Бұл рейтингте де Левандовский бірінші орында тұр. Ол биыл 52 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Жалпы 60 ұпай.
Бұл тізімде үздік үштікке Холанд (43+10) пен Месси (38+14) енді.
