«Бавария» cырт алаңда «Байерді» тас-талқан етіп ұтты

«Бавария» cырт алаңда «Байерді» тас-талқан етіп ұтты

Германия чемпионатының сегізінші турында орталық ойын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Байер» өз алаңында ел чемпионы «Баварияны» қонақ етті. Тур алдында екі команданың да еншісінде 16 ұпайдан еді. 

Левандовски мен Гнабридің дублі, сонымен қатар Мюллердің голы мюнхендік клубқа жеңіс әкелді. «Фармацевтер» қатарында Патрик Шик гол соқты.

Турнир кестесінде «Бавария» 19 ұпаймен бірінші орынға шықты. Екінші қатарда 18 ұпаймен «Боруссия Дортмунд». Еншісінде 16 ұпайы бар «Байер» үшінші орынға жайғасты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или