Александр Седнев «Атыраумен» матч жайлы ойын айтты

Александр Седнев «Атыраумен» матч жайлы ойын айтты

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері «Атырауға» қарсы жеңісті ойын (2:1) жайлы пікірін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы шымкенттік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

- Тура мағынада да, ауыспалы мағынада да бұл ауыр жеңіс. Мен футболшыларға алғыс айтамын, олар гол өткізіп алса да алға қарай ұмтылуды жалғастыра берді. Көптеген позициялық шабуылдарды да жасай алдық. Ойыншыларға және жанкүйерлерге ерекше рахмет айтамын, біз қос бірдей күштің арқасында жеңіске жеттік.

Алда екі тур қалды, бізде турнир кестесінде жоғарғы орынға көтерілуге мүмкіндік бар, біз оны қолдану үшін барлығын жасаймыз. Алға жылжып, келесі ойынға дайындаламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или