Илья Воротников: «Жеңістер әлі де келеді»

Илья Воротников: «Жеңістер әлі де келеді»

ЕУРО-2016 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Исландия құрамасын қабылдап, 3:0 есебімен жол берді. Осы ретте «PROСПОРТ» сайтының тілшісі Ұлттық құрама ойыншысы Илья Воротниковтан сұхбат алып, жеңілістің себептерін іздеп көрді.

- Исландия құрамасына қарсы ойын туралы өз ойыңызбен бөліссеңіз...

- Тағы кезекті сүреңсіз ойын. Жеңіске исландықтардан гөрі біздің пайдамыз тиіп кетті. Қақпамызға соғылған голдардың бәрі де дерлік, өз қателігімізден кейін. Өте өкінішті. Құрамадағы футболшылар өз ойын өрнегін көрсете алмады.

- Алғашқы 20 минут тәуір ойын өрнегін көрсеттіңіздер. Алайда бірінші голдан кейін сол ойынды жалғастыруға не кедергі келтірді?

- Ойынды жап-жақсы бастап едік. Бәрі де «Міне біздің құрама!» деуге тұрарлықтай ойнап едік. Бірақ өрескел қателіктен кейін соғылған гол соғылып, қарсыласымыз сүйікті ойын өрнегіне көшіп алды.

- Жеңілістің басты себебі неде деп ойлайсыз?

- Нақты осы себепті жеңілдік дейтіндей қателік болмады. Бұның бәрі ұсақ қателіктен кейін орын алды. Ал Исландия сияқты командалар мұндай сыйлықты құр жібермейді.

- Қалай ойлайсыз, алғашқы екі гол өзімідің қателігімізден кейін соғылды ма?

- Екі гол емес, үшеуі де біздің қателігімізден кейін соғылды.

- Екінші голды соққан кезде, Биркир Бьярнасонды көзден таса етіп алдыңыздар? Бұл сіздің қателігіңіз ба, әлде командаласыңыз Абдуллиннің бе?

- Ойын алдында бапкер қай ойыншы кімді қарауылдауы керек екенін айтады. Мен 14-ші нөмірлі футболшыны көзден таса етпеуім керек болатын. Ал Рина (ред. Ренат Абдулин) шабуылшыны қарау керек. Сол сәте бос ойыншыларды дұрыс бөлісе алмадық. Бьярнасон жалғыз екенін соңынан байқадым, оған кедергі жасайын деп едім, үлгермедім.

- Ресеймен жолдастық матчынан не күтеміз?

- Менің білуімше, Ресей бұл кездесуге жас ойыншыларын көптеп шығармақ. Әрине, жақсы ойын мен жеңіс күтеміз.

- Жанкүйерлерге бір-екі ауыз сөзіңіз. Жеңістің көк туын қашан желбіретеміз?

- Жанкүйерлерге айтарым, шыдамды болыңыздар. Біздің құрама әлі де жас. Уақыт өткен сайын тәжірибе жинақтауда. Әрине, олар мұндай сөздерден жалыққанын білемін, бірақ қаншалықты қиын болса да құрамамызға сену керек. Жеңістер әлі де келеді...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или