Катардағы әлем чемпионатына қатысатын тағы бір құрама белгілі болды

Катардағы әлем чемпионатына қатысатын тағы бір құрама белгілі болды

Дания құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірде-бір ұпай жоғалқтан жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтағы соңғы, сегізінші кездесуінде скандинавиялықтар Австрия құрамасын 1:0 есебімен ұтты. Шотландия екінші орын иеленді.

Әлем чемпионатына даниялықтардан бұрын Германия жолдама алған еді. Қазірге біріншілікке қатысатын үш құрама белгілі. Олар: турнир қожайыны Катар, Германия және Дания. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде үш ұпай жинады. Соңғы матчта Талғат Байсуфинов командасы сырт алаңда Франциямен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или