Йонас Гудмундссон: «Қазақстан құрамасының ортаңғы шебінде мықты ойыншылар бар»

Англиялық «Чарльтон» мен Исландия құрамасының ойыншысы Қазақстанмен өткен ойын жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық, осылайша үзіліске дейін екі гол соғып үлгердік. Екінші таймда сәл баяу ойнадық, соның кесірінен алаң қожайындары гола соға жаздады. Төреші қосқан қосымша минутта үшінші гол соғып, нәтижені қорытындыладық. Жалпы, біз үшін кездесу жақсы өрбіді.

Қазақстан құрамасында мықты ойыншылар бар. Ортаңғы шепте ойнаған футболшылардың гол соғатын мүмкіндіктері болды. 9-шы нөмірде (Исламхан - авт.түз.) өнер көрсеткен ойыншының ойыны ұнады. Бойы ұзын болмаса да, техникасы жақсы екен, - деді исландиялық футболшы.

Естеріңізге сала кетсек, ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясында Исландия құрамасы сырт алаңда Қазақстанды 3:0 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или