«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қақпашысы италиялық клубқа ауысты
«Манчестер Юнайтед» футбол клубының бұрынғы қақпашысы Серхио Ромеро Италия чемпионатында бақ сынайтын «Венеция» сапына ауысты, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы италиялық клуб ресми мәлімдеді.
34 жастағы аргентиналық футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде ауысты.
Келісімшарт мерзімі 2021/22 жылғы маусымның соңына дейін жарамды.
Айта кетейік, Серхио Ромеро «Манчестер Юнайтед» сапында 2015 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетті. Барлық турнирде 61 ойынға қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или