Месси «Алтын допқа» үміткерлер ішінен кімдерге дауыс беруі мүмкін екенін айтты
ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси «Алтын допқа» үміткерлер ішінен кімдерге дауыс беруі мүмкін екенін айтты. Бұған дейін France Football басылымы жылдың үздік футболшысы атағына үміткер 30 ойыншының тізімін жариялаған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Біздің командада мен ойланбай дауыс беретін екі ойыншы бар. Бұл Мбаппе мен Неймар. Левандовски де бар. Ол тамаша жыл өткізді. Бензема да керемет», — деп келтірді Мессидің сөзін France Football.
Жылдың үздік футболшысы атағына үміткерлер:
Николо Барелла («Интер»), Карим Бензема («Реал»), Леонардо Бонуччи («Ювентус»), Кевин де Брейне («Манчестер Сити»), Джорджо Кьеллини («Ювентус»), Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»), Рубен Диаш («Манчестер Сити»), Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ»), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Эрлинг Холанд («Боруссия» Д), Жоржиньо («Челси»), Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур»), Н’Голо Канте («Челси»), Симон Кьер («Милан»), Сесар Аспиликуэта («Челси»), Роберт Левандовски («Бавария), Ромелу Лукаку («Челси»), Рияд Марез («Манчестер Сити»), Лаутаро Мартинес («Интер»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Лионель Месси («ПСЖ»), Лука Модрич («Реал»), Жерар Морено («Вильярреал»), Мейсон Маунт («Челси»), Неймар («ПСЖ»), Педри («Барселона»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Рахим Стерлинг («Манчестер Сити»), Луис Суарес («Атлетико»).