Босния және Герцеговина құрамасы елордада жаттығу өткізді

Босния және Герцеговина құрамасы елордада жаттығу өткізді

Бүгін Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының ойыншылары 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстанға қарсы матч қарсаңында «Астана Аренада» алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордадағы стадионындағы жаттығудан фоторепортаж Босния және Герцеговина футбол қауымдастығының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

Қазақстан - Босния және Герцеговина матчы 9 қазанда «Астана Аренада» өтеді.

Бұл кездесуде бас төреші қызметін итальяндық Давиде Масса атқарады, ал оның отандастары Фабиано Прети мен Стефано Алассио оған көмектеседі. Төртінші төреші Даниэле Чиффи, ал VAR төрешілері Фабио Мареска мен Мауро Вивенчи.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или