«Қайрат» шабуылшысының голы тур үздігі болуы мүмкін

«Қайрат» шабуылшысының голы тур үздігі болуы мүмкін

Конференция лигасының Instagram-парақшасында топтық кезеңнің екінші турындағы әдемі төрт гол жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz

Турдың үздік голына үміткерлер қатарында «Қайрат» шабуылшысы Хосе Кантенің швейцариялық «Базель» қақпасына салған добы да енді. Тізімде Стефан Эль-Шаарави («Рома»), Свен Кумс («Гент») пен Филипп Валенчичтің (ХИК) голдары бар.<span> </span>

Еске салайық, Конференция лигасы топтық кезеңінің екінші турында алматылық клуб сырт алаңда «Базельден» 2:4 есебімен жеңілген болатын.

Енді «Қайрат» үшінші тур аясында әзербайжандық «Карабахқа» қонаққа барады. Алғашқы екі турдан соң алматылық клубтың еншісінде бір ұпай бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или