Жеңілістің ащы дәмі... (ВИДЕО)

Жеңілістің ащы дәмі... (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Исландияны қабылдады. «Астана Аренада» өрбіген матч 0:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Алаң иелері ойынды еркін бастап қорғаныста сақ болуға тырысты. Исландиялықтар 5-ші минутта ғана алғашқы соққысын бағытаған. Қарымта шабуылда Гафуржан Сүйімбаевтің есеп ашуға мүмкіндігі болды. Алайда, оның соққысы өте әлсіз шықты. 19-шы минуттқа дейін қазақстандықтар үш айыпдобы мен төрт бұрыштама орындап үлгерді. Бірақ, ешбірінен нәтиже шықпады.  «Сен соқпасаң, саған соғады» деген қағида тағы да бар. 20-шы минутта «кәрі қасқыр» Эйдур Гудьенсен Йохан Гудмундсонның пасынан есепті ашты. 32-ші минутта сол баяғы Гудмонсонның пасынан Бьярнасон есепті 0:2-ге жеткізді.

Бірінші таймның соңына қарай қонақтар есепті еселейтін мүмкіндікті пайдалана алмады. Бұрыштан көтерілген допқа басқалардан бұрын жеткен исландиялық футболшының соққысы қақпадан сәл қиыс кетті. Ойынның 45-ші минутында Бауыржан Исламханда есептегі көрсеткішті қысқартуға мүмкіндік болған. Алайда, оның соққысы қақпашының қолынан табылды. Бірінші тайм қонақтардың еншісінде кетті…

Екінші кезеңнің басында Азат Нұрғалиевтің орнына Ұлан Қонысбаев алаңға шыққан соң ұлттық құрама ойынына қан жүгіргендей. 57-минутта Асхат Тағыберген 25 метр қашықтықтан Исландия қақпасын нысаналады. Биік кетті... 63-ші минутта Илья Воротниковтың баспен бағыттаған соққысы алдымен қақпа бағынаса тиіп содан соң қақпашының қолынан табылды. Бес минуттан кейін Юрий Красножан Марк Гурманның орнына «Қайрат» ойыншысы Ермек Қуантаевті ойынға қосты. 84-ші минутта Ларс Лагербек Гудьенсенның орнына Альфред Финбогассонды шығарды. Тыңнан қосылған ол Сидельниковтың иелігіне еркін кіріп соққы бағыттамақ болды. Орта жолда исландиялықты қорғаушылар тоқтатты. Негізгі уақытқа қосылған 1-ші минутта Бьярнасон есепті 3:0-ге жеткізіп нәтижені қорытындылады.

Соңғы рет екі жыл бұрын жеңіске жетіп оның дәмін ұтыта бастаған Қазақстан құрамасының ойыншылары кезекті рет жанарымен жер шұқыды. Тіпті «Астана Аренаға» жиналған 14 000 жанкүйер де ойыншылардың бойынан қайсарлық мінезді оята алмады... «Қап, әттең» деп тараған фанаттар Мескеуде өтетін Ресейге қарсы жолдастық кездесуді күтеді енді...

Еуро-2016. Астана. Топтық кезең.

Қазақстан-Исландия - 0:3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или