«Мақтаарал» маусым соңына дейін өз алаңындағы ойындарды көрермендерсіз өткізеді
Бірінші лигада бақ сынайтын «Мақтаарал» клубы маусымның соңына дейін өз алаңындағы матчтарды көрерменсіз өткізеді. Бұл туралы ҚКФЛ мәлімдеді.
- Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен Бірінші лига клубтары арасындағы ҚР Біріншілігі XIX турының «Мақтаарал» - «Окжетпес» ойынының қорытындысы бойынша кездесудің ресми тұлғаларына әдепсіз сөздер айтуына және оларға бөгде заттарды лақтыруына, сонымен қатар жанкүйердің алаңға шығуына байланысты «Мақтаарал» футбол клубына ағымдағы маусымының соңына дейін өз алаңындағы ойындарды көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салынды, делінген Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының мәлімдемесінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или