Марат Быстровтың клубынан әйгілі бапкер кетуі мүмкін
«Ахматтың» қазіргі жаттықтырушысы Яя Туре румыниялық «Сепси» клубының бас жаттықтырушысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Twitter-де журналист Эмануэль Рошу хабарлады. Дереккөздің айтуынша, маманның өзі Румынияның жоғары дивизионындағы командаға бапкер болу үшін өз қызметін ұсынған. Бұған дейін Яя Туре «Ахматтың» бапкерлер штабында болған еді.
Маманмен келісімшарт 2021/2022 жылғы маусымының соңына дейін жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, «Ахматта» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или