Қазақстан – Босния және Герцеговина матчына төрешілер тағайындалды

Қазақстан – Босния және Герцеговина матчына төрешілер тағайындалды

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Босния және Герцеговина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынға италиялық төрешілер қазылық жасайды. Бас төреші қызметін Давиде Масса атқарады. Оған қос қапталдан отандастары Фабьяно Прети мен Стефано Алассио көмектеседі. Ал төртінші төреші – Даниэле Киффи.

Айта кетейік, Қазақстан – Босния және Герцеговина матчы 9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или