Қазақстан ұлттық құрамасына УЕФА тарапынан санкция салыну ұсынылды

Қазақстан ұлттық құрамасына УЕФА тарапынан санкция салыну ұсынылды

Боснияның Reprezentacija.ba сайты Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының алты футболшысына Қазақстан виза беруден бас тартуына байланысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Рprosports.kz.

«Санжин Прчич, Элвис Сарич, Деннис Хаджикадунич, Дарио Джумич, Ади Налич және Юсуф Газибегович 2022 жылғы Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы әлем чемпионатының іріктеу ойынына қатыспайды, себебі олар Қазақстанға келуге виза ала алмады.

Ең қызығы, Қазақстанның Хорватия, Сербия және Черногориядағы елшіліктерінің шенеуніктері Босния және Герцеговина футбол одағымен (BS BH) байланысқа шығып, біздің ойыншылардың кіруге виза берілмеуінің қандай да бір себебін көрсетпеді.

Бұл олардың заңдарына сәйкес мүмкін болып тұр.

Егер Қазақстанның бұл қадамы санкциясыз жүзеге асатын болса, онда бұл болашақта әрбір ұлттық құрама қарсыласын елге кіргізбеу арқылы әлсіретуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 9 қазанда Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Босния және Герцеговина құрамасымен матч өткізеді.

Қазақстан-Босния және Герцеговина матчы Нұр-Сұлтанда жергілікті  уақытпен 19:00-де басталады. Бұл ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бес ойыннан кейін 3 ұпаймен Қазақстан құрамасы D тобында соңғы, бесінші орынды иеленді. Босния және Герцеговинаның да үш ұпайы бар, бірақ төрт матч өткізді және турнир кестесінде бір саты жоғары, төртінші орында.

Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы топтағы бірінші матч қыркүйекте өтті және нәтижелі тең аяқталды - 2:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или