Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс болды
2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының тізімінде өзгеріс болды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, «Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев пен «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев алдағы ойындарында ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.
Олардың орнына қос шабуылшы Алексей Щеткин мен Роман Муртазаев және қорғаушы Дмитрий Шомко шақырылды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 9 қазанда «Астана Аренада» Босния және Герцеговинаны, үш күннен кейін Финляндияны қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или