«Қайраттың» ойыншысы дебют голынан кейін жанкүйерлерге жүгінді

«Қайраттың» ойыншысы дебют голынан кейін жанкүйерлерге жүгінді

Алматылық «Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло  дебют голын соққаннан кейін команда жанкүйерлеріне жүгінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен «Қайрат» сапындағы алғашқы голды соққаныма өте қуаныштымын. Жұмысымды одан әрі жалғастырамын, командаға көмектесемін және барлық жарыстарда гол соғуға тырысамын. Барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді!» - деді футболшы.

Клубқа ағымдағы жылдың шілдесінде Шымкентттік «Ордабасыдан» ауысқан Жоао Пауло «Қайраттың» өз алаңында «Ақжайыққа» қарсы ойынында 17 минутта есепті ашты. Кездесу 3 қазанда өтті.

Фото fckairat.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или