«Ақтөбе» Владимир Мұхановтың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

«Ақтөбе» Владимир Мұхановтың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

«Ақтөбе» клубының баспасөз қызметі бас бапкер Владимир Мухановтың жалақысы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

- Кейбір бұқаралық және бұқаралық емес ақпарат құралдарында «Ақтөбе» ФК бас бапкері Владимир Мухановтың жалақысы айына 25 мың долларды құрайды деген мағынада хабар тарады.

«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Бас бапкердің еңбекақысы көрсетілген сомадан бірнеше есе төмен. Алайда еңбек шартының құпиялылығын сақтау мақсатында Мухановтың табысын нақты жариялау әдептілікке жатпайды деп есептейміз.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз, делінген мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или