«Реалдың» жартылай қорғаушысы «Эвертонға» ауысуы мүмкін

«Реалдың» жартылай қорғаушысы «Эвертонға» ауысуы мүмкін

«Эвертон» Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Исконы өз сапына қосқысы келеді, деп хабарлайды Рrosports.kz Mundo Deportivo-ға сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, ойыншыға клубтың бас бапкері Рафаэль Бенитес жеке қызығушылық танытып отыр. «Эвертон» испандық футболшыны Катардың «Аль -Райян» клубына ауысқан Хамес Родригестің орнын басады деген сенімде.

Исконың «Реалмен» келісімшарты 2022 жылдың маусымына дейін. Королдік клуб испандықты қыста жіберуге дайын, себебі олар ойыншының сатылымынан ақша табуды жоспарлап отыр. Transfermarkt порталының хабарлауынша, ойыншының нарықтық бағасы 18 миллион еуроға бағаланған.

Иско осы маусымда «Реал» сапында алты матчқа қатысып, бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или